Алматыда жастар көшедегі адамдарды тонаған
Күдіктілер қылмысты түнгі уақытта саябақтарда жасаған
Алматыда жастар көшедегі адамдарды пышақпен қорқытып, тонаған, деп хабарлайды polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бірнеше тонау дерегін анықтаған.
Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармағы бойынша («Тонау») қылмыс жасады деген күдік бойынша 17 жастағы Д., Ж. есімді азаматтар және 19 жастағы Б. есімді азамат ұсталды. Олар пышақпен қорқытып, көшедегі адамдарды тонаған. Тіпті, бағынбағандарын ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алып отырған. Бір қызығы, күдіктілер көбінесе саябақтар мен жұрт жиылған жерде жүрген. Адамдарға түнде шабуыл жасаған, - деді Медеу ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Бүгінде күдіктілер ұсталып, қылмыс жасағанын мойындаған.
Полицейлер олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Күдіктілердің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер төмендені телефон нөміріне хабарласа алады:
- 8 (727) 254-48-02; 8-702-476-66-60 – Медеу ауданының полиция басқармасы.