Астананың тар көшелеріне қайтып автобус жолы қосылды
Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде Bus Lane болады
Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағы қайта іске қосылды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының хабарлауынша, М-1 көпіріндегі жол төсемінің жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран даңғылы мен
Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысы қайта басталады.