×

Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Қазір өлім себептері анықталып жатыр

 Халық үні 31.01.2022 | 10:00
фото: otyrar.kz

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылды.

30 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментіне 103 қызметінен Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту бойынша келгені және есікті ашу керектігі туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы қызметкерлері барып, арнайы құралдар көмегімен кіреберіс есіктерді ашты. Пәтер ішінен 1978 жылы туған, 1957 жылы туған және 1979 жылы туған үш адамның мәйіті табылды. Қазір өлім себептері анықталып жатыр, – деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55