Halyq Uni логотип
×

Елімізде 62 киножобаға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл ашық қорғауға 208 өтінім жіберілді

 Динара Амантай 27.07.2022 | 18:05
Елімізде 62 киножобаға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда биыл ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқау қорытындысы бойынша 62 киножоба қаржыландырылады. Бұл туралы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов ӨКК брифингінде айтты.

Оның айтуынша байқау нәтижесіне сәйкес, 18 толық метражды ойын, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильм қаржыландырылатын болды.

Биыл мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгеден асты. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, соның ішінде анимациялық фильмдерге 4,95 млрд теңге жұмсалады. «Дебют» санаты бойынша өтетін фильмдерге шамамен 500 млн, кең көрермен аудиториясына арналған фильмдерге 129,5 млн және бірлескен өндіріс фильмдеріне 25 млн бағытталады, – деді Бауыржан Шөкенов.

Бұған қоса Қазақстанның Халық әртісі, «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің төрағасы Досхан Жолжақсынов журналистер алдында сөз сөйлеп, конкурс өткізу кезінде көп нәрсе өзгергенін хабарлады.

«Сараптамалық кеңес 80% - дан астам жаңартылды, сонымен қатар, ұсынылған жобалардың сапасы өзгерді, олар әлдеқайда қызықты болды. Бұрынғыдай көп ақша талап етілген үлкен, монументалды жобалар аз болды. Биыл жастар тарапынан көптеген жобалар ұсынылып отыр», - деді Досхан Жолжақсынов.

Сарапшының айтуынша, олар жаңа бастаған кинематографистер үшін өмірге жолдама бола алатын бюджеттік жобаларға артықшылық беруге тырысты. Халық әртісі, қазақстандық киноның сапасы туралы айта отырып, жас көрерменге қажетті отандық анимацияны ерекше атап өтті. Егер алдыңғы екі конкурста 5 анимациялық жоба қолдау тапса, биыл - 8 жоба қаржыландырылмақ. Досхан Жолжақсынов байқаудың ашық түрде өтетінін, өйткені бүкіл қорғау процесінің онлайн-трансляциясы арқылы жүріп жатқанын атап өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі Ақан Әбдуәлиев биыл киножобаларды ашық қорғауға 208 өтінім жіберілгенін, оның ішінде 122 толық метражды фильм және 86 қысқаметражды фильм жіберілгенін қосты. Байқау өтінімдерінің арасында әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдері, деректі және дебюттік фильмдер өте көп.

Брифинг барысында жыл сайын мемлекеттік қолдау алатын жас кинематографистердің саны артып келе жатқаны белгілі болды. Осы жазда бірнеше ондаған дебютанттар киножюри сотына ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама