Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

Соңғы айларда вирустан көз жұмғандар саны азайған

 Дәурен Ерболат 27.07.2022 | 15:49
Жыл басынан бері коронавирустан қанша адам қайтыс болды?
Фото: ТАСС

Жыл басынан бері коронавирустан 800-ге жуық адам көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Биыл 6 айда Қазақстанда 785 адам COVID-19-дан қайтыс болды. Адамдардың басым бөлігі қаңтар-ақпанда көз жұмды. Онда медицинаға айтарлықтай жүктеме түсті. Қаңтарда 311 адам, ақпанда 401 адам, наурызда 54 адам, сәуірде 3 адам, мамырда 3 адам, маусымда 1 адам, шілдеде 3 адам қайтыс болды, - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама