Halyq Uni логотип
×

Келес ауданында қызметкерін 1 млн теңгеге бопсалаған басшы ұсталды

Ол ақшаны қызметкерінің жұмыста қалу мүмкіндігі үшін талап еткен

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2022 | 12:14
Келес ауданында қызметкерін 1 млн теңгеге бопсалаған басшы ұсталды
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті ҰҚК-мен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркеді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер Келес ауданындағы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқан кезінде ұстады.

Қазір бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама