Қостанай облысында ер адам құс фабрикасынан 50 балапанды ұрлап кеткен
Ол тәртіп сақшыларынан қашып кетуге тарысқан
Қарабалық ауданында құс фабрикасынан 50 балапанды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
26 шілдеде Гурьяновка ауылында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізген. Түнгі сағат 1 шамасында олар жарығын қоспай жүріп бара жатқан Niva көлігін байқаған. Жүргізуші полиция қызметкерлерін көріп, ізін суытуға тырысқан. Бұл ойы жүзеге аспаған соң күдікті көлігін тастап, қаша жөнелген. Кейін оны полицейлер ұстаған.
Тексеру барысында Niva-ның тіркемесінде балапандар мен жем бары анықталды.
Полицейлер 40 жастағы ер адамның ауылдағы құс фабрикасында жұмыс істейтінін анықтады. Күдікті фермалардың бірінен 50 балапан мен 12 қап құрама жемді ұрлап кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.