Алматыда заңсыз салынған зәулім тұрғын үй сүріледі
Құрылысқа тапсырыс беруші жауапкершілікке тартылды
Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне қарағанда, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салына бастаған. Осыған байланысты құрылыста тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді делініп отыр.