Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда ер адам жол бермегені үшін зейнеткерді өлтірген

67 жастағы жүргізуші сол жерде қайтыс болды

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2022 | 10:05
Маңғыстауда ер адам жол бермегені үшін зейнеткерді өлтірген
фото: lada.kz

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде қайғылы оқиға болды.

22 шілде күні кешкі сағат 20.15-те жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша 35 жастағы ер адам 67 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген.

Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 35 жастағы күдікті зейнеткерді дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға беріліп, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Ол алған жарақаттарынан кейін сол жерде қайтыс болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамалды. Тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама