×

Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны тағы артты

Елімізде 21 мыңнан аса науқас вирустан емделуде

 Дәурен Ерболат 27.07.2022 | 09:03
Фото: АГН «Москва»

Қазақстанда бір күнде 2,5 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 684 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 864,
  • Алматыда – 505,
  • Шымкентте – 84,
  • Ақмола облысында – 89,
  • Ақтөбе облысында – 33,
  • Алматы облысында – 73,
  • Жетісу облысында – 74,
  • Атырау облысында – 68,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 20,
  • Абай облысында – 43,
  • Жамбыл облысында – 81,
  • Батыс Қазақстан облысында – 52,
  • Қарағанды облысында – 379,
  • Ұлытау облысында – 41,
  • Қостанай облысында – 49,
  • Қызылорда облысында – 102,
  • Маңғыстау облысында – 34,
  • Павлодар облысында – 49,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 24,
  • Түркістан облысында – 20.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 млн 338 мың 90 жетті. 

Сондай-ақ 1 314 адам коронавирустан айықты:

  •  Нұр-Сұлтанда – 498,
  •  Алматыда – 522,
  •  Алматы облысында – 39,
  • Жетісу облысында – 56,
  • Атырау облысында – 11,
  • Абай облысында – 10,
  • Жамбыл облысында – 27,
  • Қарағанды облысында – 68,
  • Ұлытау облысында – 6,
  • Қызылорда облысында – 53,
  • Павлодар облысында – 11,
  • Түркістан облысында – 13.

Елімізде барлығы 1 млн 303 мың 634 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

27  шілдедегі мәлімет бойынша 20 958 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 386 пациент стационарда, 19 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта қызыл аймақта тұр;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама