Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны тағы артты
Елімізде 21 мыңнан аса науқас вирустан емделуде
Қазақстанда бір күнде 2,5 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 684 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 864,
- Алматыда – 505,
- Шымкентте – 84,
- Ақмола облысында – 89,
- Ақтөбе облысында – 33,
- Алматы облысында – 73,
- Жетісу облысында – 74,
- Атырау облысында – 68,
- Шығыс Қазақстан облысында – 20,
- Абай облысында – 43,
- Жамбыл облысында – 81,
- Батыс Қазақстан облысында – 52,
- Қарағанды облысында – 379,
- Ұлытау облысында – 41,
- Қостанай облысында – 49,
- Қызылорда облысында – 102,
- Маңғыстау облысында – 34,
- Павлодар облысында – 49,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 24,
- Түркістан облысында – 20.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 млн 338 мың 90 жетті.
Сондай-ақ 1 314 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 498,
- Алматыда – 522,
- Алматы облысында – 39,
- Жетісу облысында – 56,
- Атырау облысында – 11,
- Абай облысында – 10,
- Жамбыл облысында – 27,
- Қарағанды облысында – 68,
- Ұлытау облысында – 6,
- Қызылорда облысында – 53,
- Павлодар облысында – 11,
- Түркістан облысында – 13.
Елімізде барлығы 1 млн 303 мың 634 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
27 шілдедегі мәлімет бойынша 20 958 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 1 386 пациент стационарда, 19 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта қызыл аймақта тұр;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.