Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында 360 млн теңгенің киік мүйізі тәркіленді

Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылған

 Қанат Атаманов 27.07.2022 | 08:30
Алматы облысында 360 млн теңгенің киік мүйізі тәркіленді
Фото: tengrinews.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырды. Олар арнайы операция барысында киік мүйізін елден заңсыз шығармақ болған бір топ қылмыскерді ұстады деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазір мүйіздердің қайдан алынғаны анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама