×

Көпбалалы аналар Нұр-Сұлтан әкімдігінде кәсіпкерді жабылып ұрды (ВИДЕО)

Әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап берген

 Қанат Атаманов 27.07.2022 | 07:30
Фото: видеодан скриншот

Елорда әкімдігінің ғимаратында 7 көпбалалы ана ер адамды соққыға жықты. Оқиғаның видеосы қазнетте тарап кетті, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, әйелдер мемлекеттік органға тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Алайда, олар құрылыс саласындағы кәсіпкермен кездесіп қалып, араларында жанжал туындаған. Кейін әйелдер шығаберісті жауып, ер адамға тап берген.

Жанжалға қатысушылар полицияға бір-біріне арыз түсірген. Аталған дерек «Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасына тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданады, - деді Нұр-Сұлтан Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама