150-ден астам ит иесі өздерінің үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған
Павлодар облысында қараусыз жүрген иттер екі адамға шабуылдау фактісі орын алды. Алғашқы оқиға Жетекші ауылында болған.
Бұралқы ит 13 жастағы жасөспірімді қауып алған. Оқиға куәгерлері полицияға қоңырау шалып, жасөспірімді қапқан иттің емін-еркін бос жүргенін, мұрнында не тұмылдырығы жоқ, мойнында не қарғыбауы жоқ екенін айтқан.
13 жастағы жасөспірім медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары иттің 36 жастағы иесін анықтап, ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартты, - дейді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.
Екінші жағдай Павлодар қаласындағы Алматы көшесі бойында баланы өз иті қауып алған. Зардап шегуші медициналық көмек үшін ауруханаға жеткізілген.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыс аумағында 150-ден астам ит иесі өздерінің үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.
Біз бұған дейін Ақтөбедегі мектеп директоры оқушының өлімінен соң депутаттарға сын айтқаны туралы жазған болатынбыз.