×

«Ресейді Отаным деп қабылдамаймын» – Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева

Кейде оған «қазақ болып кеткенсің бе?» деп өз ұлтының өкілдерінен уәж айтатындар кездесіп жатады екен

 Қанат Атаманов 26.07.2022 | 23:00

Ресейді тек көрші ел санаймын. Менің Отаным – Қазақстан. Кейде оған «қазақ болып кеткенсің бе?» деп өз ұлтының өкілдерінен уәж айтатындар кездесіп жатады екен. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжілісте депутат болып отырған Наталья Дементьева осылай дейді. Ол YouTube-тағы «Сұрауы бар» бар арнасының жаңа жобасы - «Қазақ бол!» бағдарламасының алғашқы спикері болды.

Орыстар кейде маған қазаққа ұқсап қазақ болып кеттіңіз бе деп айтады. Мәселе онда емес. Қазақпын деп әрқашанда айтамын. Бірақ та менің ата-бабаларым қазақтар емес, орыстар. Тарихи Отаным – Ресей. Ресей дегенімнен басқа, мен Ресейде бір ғана рет болдым көрдіңіз бе? Сондықтан Ресейді менің Отаным деп, атамекенім деп қабылдамаймын. Өйткені ол – көрші ел. Мәселелері бір бөлек. Оларды әрине тыңдаймын, кейде олар үшін жаным ауырады. Болды, одан артық ештеңе жоқ. Менің ата-бабаларымның, тіпті анам марқұмның жерленген жері осында. Менің балаларымның да болашағы осында болады, – дейді Наталья Дементьева.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама