Halyq Uni логотип
×

Ақтауда балалар 10-қабатта терезенің сыртқы жақтауында ойнаған (ВИДЕО)

Ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 26.07.2022 | 18:02
Ақтауда балалар 10-қабатта терезенің сыртқы жақтауында ойнаған (ВИДЕО)

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде терезенің сыртқы жақтауын жағалап жүрген балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазнетте «Атакент» тұрғын үй кешенінің оныншы қабатында терезенің сыртқы жақтауы арқылы келесі бөлмеге өткен балалардың қауіпті ойындары түсірілген видео тарады. Бейнеролик желіге тарағаннан кейін облыстың ювеналды полиция қызметкерлері оқиға болған жерге барды.

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында балалармен, сондай-ақ ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.

Облыстық полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске сала кетсек, атамыш бап бойынша он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама