Жыл сайын Қазақстанда адам саудасына қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс тіркеледі
Адамдардың жоғалу дерегі республикалық маңызы бар қалаларда тіркеледі. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Әлібек Оразалы айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 6 айда адам саудасы бойынша 57 қылмыстық іс тіркелген.
Оның 32-сі – жезөкшелік, притондарды ұйымдастыру және ұстау, жеңгетайлық қылмысы. Бүгінде барлық іс өндірісте. Жыл сайын адам саудасы бойынша 100-ге жуық қылмыс тіркеледі. Бұл қылмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жиі кездеседі. Жезөкшелікке салынған қыздардың орташа жасы – 18-25 жас аралығында. Сондай-ақ аталған республикалық маңызы бар қалаларда адамдар жиі жоғалады, - деді басшының орынбасары ОКҚ-де өткен дөңгелек үстелде.