Петропавл мектептерінде жыл басынан бері 20 қылмыс жасалған

Динара Амантай

Олардың 12-сі жасөспірімдерге қатысты болса, 8-ін балалардың өздері жасаған

Фото: Halyq Uni

Петропавлда қылмыс жасауға бейім 162 жасөспірім мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы СҚО Білім басқармасы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Теміров мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы алғашқы жартыжылдықта қала мектептерінде 20 қылмыс жасалған. Соның 12-сі жасөспірімдерге қатысты болса, 8-ін балалардың өздері жасаған.

Қылмыстар келесідей бағыттар бойынша жасалды: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, алаяқтық бойынша – 7, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық –2, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қарым-қатынасқа бару – 8, балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары – 2, соның біреуі өліммен аяқталды және 7 жағдайда жасөспірімдер үйден кетіп қалған. Жыныстық озбырлыққа қатысты барлық фактілер мектеп кеңестерінде және кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша қалалық комиссияда қаралды. Сот отырыстарының қорытындысына сәйкес екеуі шартты түрде жаза алды, – деді Азамат Теміров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда алаяқтар көпқабатты үйлерді аралап, «апатты шұғыл жоюға» ақша жинап жүргенін жаздық.