×

Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен кетті

Елімізде ауыс-түйіс жалғасып жатыр

 Халық үні 28.01.2022 | 18:45
фото: ашық дереккөзден

Үкімет қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

КЕМЕЛБЕК ОЙШЫБАЕВ

1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 

2016-2017 жылдары - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары - «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама