Кемелбек Ойшыбаев ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен кетті
Елімізде ауыс-түйіс жалғасып жатыр
Үкімет қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.
КЕМЕЛБЕК ОЙШЫБАЕВ
1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2016-2017 жылдары - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
2019-2020 жылдары - «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.
2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.