Қайғылы оқиға бүгін түнде болған
Шымкентте 19 жастағы жігіттің денесі табылды.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 шілде күні сағат түнгі 2.00-дің шамасында қайғылы оқиға болған.
Сол кезде Абай ауданының полиция басқармасына Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында 2003 жылы туған ер адамның денесі табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Қазір жас жігіттің өліміне кінәлі ретінде 2005 жылы туған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні тергеу басталды.
Оқиға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабымен тіркелді. Денеге сот-медициналық сараптама тайғайындалды, – деп хабарлады полиция басқармасы.
Бұған дейін Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт баласы бар ерлі-зайыптының денесі табылған болатын.