Жаңа ашылған облыста бензиннің қоры таусылды

Дастан Жұмабекұлы

Абай елінде жанар-жағармай 11 күнге жетеді

Көрнекі фото

Абай облысында жанар-жағармай қоры 16 күнге ғана жеткілікті. Осыған байланысты облыс әкімдігі мұнай өңдеу зауытынан бензинді тасымалдауды қолға алды.

Қазір облыста мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензиннің 7,16 мың тоннасы бар. 5,6 мың тонна жолда келе жатыр. Ал жолды есептегенде 11 күнге жетеді.  АИ-95 бензині 0,77 мың тонна және жолдағысы 1,82 мың тонна (жолды есепке алғанда 11 күнге жеткілікті). Дизель отыны 15,08 мың тонна және жолда келе жатқаны 1,91 мың тонна (жолды есепке алғанда 11 күнге жетеді).

Қа­зір мұнай өңдеу зауытынан АИ-92 мен АИ-95 бензинін өңір­лерге қарай жөнелту жұ­мыс­та­ры күшейтілді.

Тағы мынадай бір мәлімет бар. Қабанбай ауылындағы екі же­­­ке­­меншік жағармай құю стан­­­­сасына «Petro retail» ЖШС (QazaqOil ЖҚС желісі) 60 тон­на­­­дай сұйық отынды бөліп берді. Ақсуат ауданындағы 4 же­ке­меншік ЖҚС-да қажетті жа­ғармай көлемі берілді.

Аягөзге «ҚазМұнайГаз» «Петро­Казахстан Ойл Про­дактс» кәсіпорнынан 625 тонна бензинді жеткізу жос­пар­ланып отыр. Сонымен бірге «Petro retail» ЖШС жедел тәртіпте Ақ­суат ауданының 4 ЖҚС-на жағармайды сата бастады. Осы­ған дейін 4 ЖҚС сұйық отынды «Парнас» ЖШС-нан сатып алып келген.

Облыс әкімдігі жағармай стансаларының иелеріне биржада тіркеліп, сұйық отынның сау­да­сына қатысуға кеңес берді. Бұл өз кезегінде қажетті ресурс­ты тікелей өндірушілерден алу­ға мүмкіндік береді. Бұл мәсе­лені өңір басшысы Нұрлан Ұран­хаев­ тікелей бақылауында ұстайтын болады.