«6-10 мың теңгеден жинайды»: алаяқтар енді «энергетик» болуға көшкен
Төлем түбіртегін де бермейді
Петропавлда қазір алаяқтар көпқабатты үйлерді аралап, «апатты шұғыл жоюға» ақша жинап жүр.
«Севказэнерго» АҚ мәліметінше, соңғы кезде қала тұрғындары тарапынан арыз-шағым көбейген. Барлығы мекемеге қоңырау шалып, алаяқтарға алданғанын айтып жатыр.
Олар көпқабатты үйлерді аралап, өздерін компания қызметкерлері деп таныстырады. Сосын апат болды дейді. Оны шұғыл жою керек деп ақша сұрайды. 6-10 мың теңгеден жинайды. Төлем түбіртегін де бермейді, - дейді компания мамандары.
Осы орайда «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ халықты сақ болуға үндеді. Себебі энергия таратушы компанияның қызметкерлері ақаулық болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жасамайды. Олар арнайы бланкіде ұйғарымның екі нұсқасын шығарып, біреуін тұтынушыларға беріп кетеді.
«Егер біреу «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның шеберімін деп есігіңізді қақса, одан арнайы куәлікті көрсетуді талап етіңіз. Ресми құжатта маман туралы барлық деректер жазылуы шарт. Сосын шеберден құрылым басшысының телефонын алуға болады. Ол маманның не үшін келгенін айтып, басқа да сұрақтарға жауып беруге тиіс», - дейді энергетиктер.