×

Ербол Қарашөкеев қанттың қашан арзандайтынын айтты

Шілде мен тамызда өнімге сұраныс жоғары болады

 Дәурен Ерболат 26.07.2022 | 13:01
Фото: kt.kz

Биыл күзде қант арзандауы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сәйкес Қазақстанда қантты өндіру көрсеткіші 80%-ға жетуі керек. Қазіргі көрсеткіш – 49%.

Қантқа байланысты туындаған дүрбелең мен кезек мәселесіне тоқталайын. Біз құны төмен қантты сатуды тоқтатқанда дүрбелең тоқтайтынын айттық. Қант нарығы бар, оның қоры жеткілікті. Бағаны нарық қалыптастырады. Ресей Федерациясының болжамына сәйкес, биыл қыркүйекте көршіміз қант экспортына рұқсат беруі керек... Шілде мен тамызда қант бағасы жоғары болады. Кейін баға төмендейді деген болжам бар, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін министр Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін айтқан еді. Алайда бүгінде елордада қант тапшы, тұрғындар 1 келі қантты алу үшін 3-4 сағаттап кезекте тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама