×

«Қант қоры жеткілікті». Министр қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырды

Бүгінде елімізде 28 мың тонна қант бар

 Дәурен Ерболат 26.07.2022 | 12:15
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда қант қоры жеткілікті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсетіп отыр.

Биыл қаңтардан бастап отандық қант зауыттары 120 мың тонна құрақ шикізатынан алынған қатты өндірді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артық. Шілденің басында елімізде қант қоры 28 мың тонна болса, айдың соңына дейін 37 мың тонна қант өндіріледі деген жоспар бар. Квота шеңберінде импорт көлемі – 33,3 мың тонна. Осылайша, 69,8 мың тонна қажеттілік кезінде ішкі нарықтағы қанттың жалпы қоры – 98,1 мың тонна, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ербол Қарашөкеев нарықтағы қант сұранысын қамтамасыз ету көрсеткіші 140% екенін атап өтті.

«Шілдеде қант зауыттары құрақ шикізатын қантты өндіру көлемін ескеріп, негізі қант көлемі жеткілікті. Өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Тамызда болжамды қажеттілік – 69,8 мың тонна. Бұл тұтынудың ең жоғары көлемі болып саналады. Тамыздың басында республика бойынша қанттың қоры – 35 мың тонна. Қант импорты – 42,2 мың тонна деңгейінде. Әкімдіктер қант қорын ескеріп, еліміз бойынша қанттың жалпы қоры тамыздың аяғына дейін 118 мың тонна болады деген жоспар бар. Нарықты қамтамасыз ету деңгейі – 169%. Сондықтан шілде мен тамызда өзімізді қамтамасыз етуге қант қоры жеткілікті», - деді басшы.

Айта кетейік, осыған дейін елордада қант тапшы екенін, тұрғындар оны алу үшін 3-4 сағаттап кезекте тұратынын хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама