Halyq Uni логотип
×

Алматы әуежайында төбелес болып, полицей оқ атты

Төбелескен азаматтардың бұрын сотты болғаны анықталды

 Динара Амантай 26.07.2022 | 10:13
Алматы әуежайында төбелес болып, полицей оқ атты
Фото: Halyq Uni

Алматы әужайының алдында ішімдік ішкен үш ер адам төбелесті. Артынша келген тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпек болған. Бұл туралы Қазнетте видео тарады.

Алматы қалалық ПД-ның мәліметінше, 26 шілдеде түнгі сағат бір шамасында Алматы Халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полиция бекетінің құрамындағы полиция қызметкерлеріне ер адам келіп, көлік тұрағында төбелес болып жатқанын айтқан.

Ақпарат расталды, анықталғанындай ішімдік ішкен үш ер адам төбелескен. Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берді. Төбелесушілердің бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болды. Ауыр қылмыстың жолын кескен тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оғын атты, – деп хабарлады қалалық полициядан.

Нәтижесінде төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары болып шықты. Екеуі адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотты болған.

«Олардың әрекеті ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен сараланып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп атап өтті ведомстводан.

Сонымен қатар, қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама