Қарағандыда 36 жастағы жігіт 13 жастағы қызды зорламақ болған

Еркеғали Болатұлы

Оған сәйкес күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото: ашық дереккөз

Кеше Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғыны полицияға шағым түсірген.

Оның айтуынша, кешкі 19:00 шамасында белгісіз біреу 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталар арасына сүйреген. Кейін қызды зорламақ болған. Қыз айқайлаған соң қаскөй оны жібере салып, қашып кеткен.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары келген. Олар көп ұзамай қаланың 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп мәлімдеді полицейлер.

Қазір тергеу жүріп жатқандықтан полицейлер өзге ақпараттарды жария етпеді.