Көкпар қыстақтан басталып, Талғар қаласының көшесінде жалғасқан
24 шілде күні Алматы облысының Талғар қаласында көшеде көкпар тартқандар ұсталды.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 50 жастағы Кеңдала ауылының тұрғыны өзінің туған күніне орай көкпар ұйымдастырған. Бірақ ол әкімдікпен келісілмеген. Көкпар ойыны қыстақтан басталып, қаланың көшесінде жалғасып кеткен. Көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы анықталды. 10 адам ұсталып, ҚР Әкімшілік кодекстің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.