Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы келді

Ербол Тұрымбет

Жаңа қызметке Айдын Ашуев тағайындалды

фото: ашық дереккөзден

Айдын Жұмабекұлы - 1976 жылғы Алматы қаласының тумасы. Түрлі жылдарда коммерциялық секторда, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясында, Ұлттық зияткерлік меншік институтында, «ҚазАгро» ұлттық холдингінде, «ҚазАгроГарант»АҚ, Статистика агенттігінде жұмыс істеп, Ақпараттық есептеу орталығын басқарған.

2019-2021 жылдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар және Қазынашылық комитеттерін басқарып, министрліктің жауапты хатшысы болған. 2021 жылғы қаңтардан бастап Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.

Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.