Halyq Uni логотип
×

Елімізде өткен аптада 50-ге жуық адам жол апатынан қаза тапты

Осы уақыт аралығында 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

 Динара Амантай 25.07.2022 | 12:36
Елімізде өткен аптада 50-ге жуық адам жол апатынан қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Елімізде бір аптаның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан 50-ге жуық адам қазақ тапты. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Жыл басынан бері жол апаттарында мыңнан астам адам қаза тауып, 8 мыңнан астам азамат жарақат алды. Күн сайын еліміздің жолдарында 7-ге жуық адам қаза тауып, 70-ке тарта адам түрлі дене жарақаттарын алып жатады. Тек өткен аптада ғана ведомстволық мәліметтерге сәйкес, елімізде 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 50-ге жуық адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды, – деді Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғалар ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық бала түрлі жарақат алып, 90-нан астамы қайтыс болды.

«Жол апаттарын талдау барысында олардың негізгі себептері жылдамдық режимін асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, аударылу, жаяу жүргіншілерді басып кету болып отыр», – ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама