Бүгінде Қазақстанда қант тапшы
Әлеуметтік желіде мейрамханалардың бірінде өткен тойдан видео тарады. Онда бас жүлдеге 25 келі қант қойылды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
«Қазір қант жоқ қой. Дефицит болып кетті. Нағыз бағалы сыйлық», - деді қонақ.
Тойда қонақтар арасында лотерея ойнатылды.
Бас жүлде – 25 келі қант. Қазір оның кімге бұйыратынын көреміз? - дейді асаба.
Нәтижесінде 25 келі қантты 36-нөмірдің иесі ұтып алды.