×

Ақтөбеде найзағай соққан 41 жастағы бақташы тірі қалды

Денесінің 15 пайызы күйген

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2022 | 10:20
фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік дәрігерлер кеше найзағай соққан ер адамның жағдайын баяндады. Айта кетсек, 41 жастағы азаматқа кеше Ембі өзенінің маңында мал бағып жүргенде найзағай түскен. Содан ол ауруханаға сағат 06:50-де жеткізіліпті.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бақташыға оң қолы, көкірек, қарын қуысы және оң аяғының күйігі диагнозы қойылғанын хабарлады. Денесінің 15 пайызы күйген.

Қазір зардап шегушінің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа дәрежеде.

«Биік ағаштар мен электр желілерінің жанында болмаңыз. Суға шомылуға тыйым салынады, өйткені суға разряд түсуі мүмкін. Қолыңызға ұзын металл заттарды, оның ішінде қолшатыр мен шыбық ұстамаңыз», - деп ескертіп отыр ТЖД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама