×

Картопқа толы 40 вагон теміржол станциясынан өткізілмей жатыр

Вагондар Сарыағаш станциясында тоқтап тұр

 Халық үні 28.01.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының Сарыағаш станциясында Өзбекстанға жеткізілетін картопқа толы 40 вагон өткізілмей қойды.

Вагондарды Павлодар облысының жүк жөнелтушілері 2022 жылғы 11 қаңтар мен 20 қаңтар аралығында тиеген. Барлық вагонға арналған уәкілетті органдар – ауыл шаруашылығы министрлігі және жөнелтуші кеден органдары берген фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар мен экспорттық кедендік декларациялар бар.

Алайда, 2022 жылғы 10 қаңтарда ауыл шаруашылығы мен қаржы министрліктерінің Қазақстан аумағынан жекелеген тауарды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы НР-5,21 бұйрығы қабылданды. Құжат жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді, – дейді Қазақстан темір жолы.

Яғни, тасымалға тыйым салу туралы құжат жарияланғандықтан картоп шекарадан шығып үлгермей қалды. Сол себептен қазір станцияда тұр.

Осы жағдай бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС биылғы 25 қаңтарда ауыл шаруашылығы министрлігі мен қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің атына сауал жолдады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23