Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 мың 54 жағдайы тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 806,
- Алматыда – 532,
- Шымкентте – 46,
- Ақмола облысында – 68,
- Ақтөбе облысында – 8,
- Алматы облысында – 83,
- Жетісу облысында – 84,
- Атырау облысында – 61,
- Шығыс Қазақстан облысында – 6,
- Абай облысында – 26,
- Жамбыл облысында – 76,
- Батыс Қазақстан облысында – 20,
- Қарағанды облысында – 130,
- Қостанай облысында – 11,
- Қызылорда облысында – 36,
- Маңғыстау облысында – 14,
- Павлодар облысында – 28,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
- Түркістан облысында – 11.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 333 547 жетті.
1 мың 83 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 341,
- Алматы қаласында – 490,
- Алматы облысында – 50,
- Жетісу облысында – 3,
- Атырау облысында – 15,
- Шығыс Қазақстан облысында – 26,
- Абай облысында – 11,
- Жамбыл облысында – 25,
- Қарағанды облысында – 59,
- Қызылорда облысында – 63.
Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
25 шілдедегі мәлімет бойынша 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік кеше 2 649 адам коронавирус жұқтырған еді.