Маңғыстау облысында 10 адамды ағын су ағызып кетті
Нөсер кезінде он адам, оның ішінде екі бала суда қалған
Оқиға «Голубая бухта» ауданындағы қатты жауыннан кейін болған. Түпқараған ауданында демалушылар суға түсіп, өздігінен шыға алмай қалды. Нөсер кезінде он адам, оның ішінде екі бала суда қалған.
Оларға облыстық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникасы көмекке келді. Құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді.
Енді арнайы техниканың көмегімен суға батқан көліктерді шығаруда.