Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында суға кеткен қыздың денесі әлі табылған жоқ

Суға кеткендер рұқсат етілмеген жерде шомылған.

 Халық үні 24.07.2022 | 12:45
Жамбыл облысында суға кеткен қыздың денесі әлі табылған жоқ
Фото: ашық дереккөздерден

Шомылуға барып, суға ағып кеткен қыздың денесі екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеуге облыстық ТЖД, еркітілер және жоғалған қыздың туыстары жұмылдырылды

Бүгін таңғы сағат бес отыз бес шамасында 2015 жылы туған қызды іздестіру жұмыстары қайта басталды. Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының үш есебі. Сүңгуірлер өзеннің су бөлігін тексереді. Жеке құрамның 54 адамы жағалау сызықтарын аралайды, - деп жазылған Жамбыл облысының ТЖД департаментінің хабарламасында.

Оқиға кеше, 23 шілдеде сағат 17-10 шамасында болған. Ер адамның денесін судан сол маңда жүрген адамдар шығарып алған. Ал баланы іздестіру жұмыстары түнге дейін жалғасқан.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама