Halyq Uni логотип
×

Мүфтият қылмыстық істі анықтау үшін қабірді қайта ашуға рұқсат берді

Жерленген қабірді қайта ашуға қатысты Діни басқарма үкімі жарияланды

 Айнұр Шошаева 28.01.2022 | 12:48

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қабірді қайта ашуға қатысты шариғат үкімін жариялады. Оған қоса, қабірді қандай жағдайда ашуға болатынын түсіндірді.  

Шариғатымызда қабірді бекер ашса, ол харам болады. Үлкен күнә болады. Қабір тек зәру жағдайда ғана ашылады. Мысалы, жерленген адам мәйіт жатқан жерді су басса, яғни мәйіт судың астында қалса немесе ол біреудің меншігіндегі жерде жерленсе, жер иелері «мына мәйітті алып шығып кет» десе. Үшінші жағдай, қылмыстық істі анықтау үшін қабірді ашуға мәжбүр болса, бәрі соған келіп тірелсе, сонда ғана қабірді ашуға шариғатымыз рұқсат береді. Ал басқа жағдайда ол зәрулік болмаса, қажеттілік тумаса ол жатқан мәйіттің қабірін ашу шариғатымызда харам, үлкен күнә, - деді мүфтият өкілі.

Атап өтсек, Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан азаматтарды жерлегеннен кейін екі апта өткенде олардың мәйтін қайта қазып алу туралы сот шешімі шықты. Марқұмдардың туыстары зиратты күзетуге көшіп, бұл жағдай қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама