Halyq Uni логотип
×

Абай облысында көз жұмған сарбаз өлер алдында әйеліне хабарлама жіберген

Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сене алар емес

 Халық үні 23.07.2022 | 17:19
Абай облысында көз жұмған сарбаз өлер алдында әйеліне хабарлама жіберген
Фото: ашық дереккөздерден

Семейдегі әуе қорғанысы әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Бақытжан Әріпжанов қаза болды. Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сене алар емес, деп хабарлайды 24.kz.

Осыған дейін Семейде әскери қызметкердің мәйіті табылғанын хабарлаған едік . ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі оқтан көз жұмған әскеридің алдын ала дерек бойынша өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған еді. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған. Десе де марқұмның отбасы мен туыстары 5 бала тәрбиелеп отырған Бақытжанның суицид жасағанына сене алар емес.

Ол 10 жылдан астам уақыт әскери салада қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде қатардағы офицерден капитан дәрежесіне дейін көтерілді. Бақытжан Шымкенттегі қызметке ауысқысы келген, бірақ үлгермеген. Соңғы жұмысында қандай да бір қиындықтар болған көрінеді, - дейді марқұмның әкесі Құлыбек Әріпжанов.

Өлерден бір сағат бұрын Бақытжан Әріпжанов апайына бейнебайланыс арқылы қоңырау шалған. Үш жасар қызына қайырлы таң тілеп, кейін хабарласамын деп телефон тұтқасын қойды. Содан кейін әйеліне «Қош бол» атты өлең жіберген. Туыстары бұның барлығы әдейі істелген деп есептейді. Олар тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізілуін және барлық мән-жайдың жан-жақты тексерілуін талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама