×

Көк түтін арасында туды көтерген жігіт ауруханадан шықты

Берік Әбішевтің жағдайы жақсы

 Халық үні 23.07.2022 | 16:39
Фото: Болат Әбіловтың facebook парақшасынан

Бұл туралы Болат Әбілов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Достар, жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Бүгін біз Қаңтар-2022 ту ұстаушысы Берік Әбішевті «Almaty Sema Hospital ауруханасынан шығардық. Оған шұғыл операция қажет екенін айтқан болатынмын, оны 19 шілдеде түрік нейрохирургы жасады. Операция жақсы өтті. Алда оңалту кезеңі бар, дәрігерлер сауығу процесі басталғанын айтады, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, Берікті туыстары шығарып алған. бәрінің көңіл күйі жақсы.  

Берік Әбішев 6 қаңтарда Алматыда өткен наразылық акциясы кезінде басынан оқ жарақатын алған. Бұған дейін оған бір рет ота жасалған,миының бір бөлігі зақымданғандықтан ол ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан.

Ғаламторда Беріктің Қазақстан туымен оқ астында жүрген суреті тарап,  ол Қаңтар оқиғасының символына айналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама