Қарағандыда төбелеске қатысқан полицей қызметінен қуылды

Халық үні

Әлеуметтік желіде тарап кеткен шулы видеодан кейін Қарағандыда криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен кетті

Фото: видеодан кадр

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен босатылды, – деді Қарағанды облысы ПД.

Бұған дейін желіде құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуындағы айқай-шудың видеосы тараған болатын.

Видео авторы төбелес ішінде Ермек Тобылбаев пен прокуратура өкілі Алексей Бондарев та жүр деген.

Кейінірек прокуратура Алексей Бондарев құзырлы органда 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жұмыс істемейтінін мәлімдеген.

Қарағанды облысы ПД мәліметінше, даулы оқиға 4 шілдеде болған.