Оларды ҰҚК қызметкерлері қолға түсірген
Болжам бойынша ірі көлемдегі есірткі «героин«» болуы мүмкін. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталған.
«Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу иттің көмегімен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі, — делінген ҰҚК-нің хабарламасында.
Есірткіні шет ел азаматы Қазақстан аумағына автокөлігінің бензобагында алып кірмек болған.