Түркістанда кеден бекетінен 35 келі есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
Оларды ҰҚК қызметкерлері қолға түсірген
Болжам бойынша ірі көлемдегі есірткі «героин«» болуы мүмкін. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталған.
«Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу иттің көмегімен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі, — делінген ҰҚК-нің хабарламасында.
Есірткіні шет ел азаматы Қазақстан аумағына автокөлігінің бензобагында алып кірмек болған.