Halyq Uni логотип
×

Бестөбе алтын кенішінен адамның мәйіті табылды

Бұл шахта жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай болған

 Халық үні 23.07.2022 | 12:39
Бестөбе алтын кенішінен адамның мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөздерден

 «Алтыналмас» АК» Акционерлік қоғамының мәліметінше, бұл шахта жұмыс істемей тұрғанына бір жылдай уақыт болған. Іші жер асты суына толған, сондай-ақ желдету және басқа инженерлік жүйелері істен шыққан. Сондықтан шахтаға кіру адам өмірі үшін қауіпті. Ер адамның денесі ұйықтауға арналған көрпе қаптан табылған. Оның сол Бестөбе ауылының тұрғыны екені белгілі болып отыр.

Осы ретте Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі шахтадан ер адам денесінің табылу дерегін растады. Сонымен бірге бұл деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін және осыған қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама