×

Еуроодақ елдері маймыл шешегіне қарсы вакцинаны бекітті

Маймыл шешегін 14 мың адам жұқтырған

 Халық үні 23.07.2022 | 10:20
Фото: ашық дереккөздерден

Еуроодақ ересектер арасында маймыл шешегіне қарсы Imvanex вакцинасын қолдануды құптады, деп хабарлайды Belta.

Imvanex Еуроодақ елдерінде 2013 жылы мақұлданған болатын. Алғашында ол табиғи шешектен емделуге арналған профилактикалық дәрі-дәрмек ретінде қолданылған. 

Мамандар бұл вакцина маймыл шешегімен күресе алатынын дәлелдеп отыр. Алайда, екпенің кішігірім кері әсері де бар. 

Маймыл шешегі бұрын тек Африка елдерінде кездескен сирек дерттердің бірі. 2022 жылдың көктемінде Еуропа елдерінде, кейін бүкіл әлем бойынша кеңінен тарала бастады. Соңғы деректер бойынша, 14 мың адамнан аталған дерт табылған. 
 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама