Қызылордада 2 жасар сәби үрлемелі бассейнге батып кетті

Қанат Атаманов

Қайғылы оқиға 22 шілдеде кешкі сағат 19.25 шамасында болған

Фото: ашық дереккөздерден

Облыс орталығында орналасқан К.Рүстембеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейнде қаза тапты. Қайғылы оқиға 22 шілдеде кешкі сағат 19.25 шамасында болған.

Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажет. Балаларға барынша сақ болыңыздар, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 10 жастағы бала «Арай» аквапаркінде бассейнге батып кете жаздаған болатын.