×

KEGOC елдің оңтүстігіндегі блэкаут себебін түсіндірді

Энергия тапшылығына электр станцияларындағы жоғары апаттылық деңгейі әсер еткен

 Айнұр Шошаева 28.01.2022 | 11:59
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде болған блэкаут цифрлық майнинг жүргізетін компаниялардың қызметімен байланысты емес. Бұл туралы қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы (KEGOC) мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Аппат цифрлық майнингті жүргізетін тұтынушылардың қызметіне байланысты емес. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұтынушыларға электр энергиясын жеткізудің болмауына қатысты Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде (ҚР БЭЖ) электр энергиясының тапшылығына байланысты жағдай сақталатынын хабарлаймыз, – делінген ақпаратта.

Бұған қоса, компания тапшылықтың пайда болуының негізгі факторлары электр станцияларындағы жоғары апаттылық деңгейі және өткен жылы электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуі (6%-дан асқан) дейді. Бұл соңғы жылдардағы көрсеткіштерден 3 есе артық. Мәселен, 2020 жылы электр энергиясын тұтынудың өсімі 2%, 2019 жылы 1,9% құраған.

Электр энергиясының тапшылығы жағдайында, халықты және ел экономикасын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ электр станцияларымен және энерогенді жабдықтаушы ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, майнингтік дата-орталықтардың атына электр энергиясын жоспарлы жеткізуді төмендету бойынша шаралар қабылдады, – деді компания.

Атап өтсек, 2022 жылғы 25 қаңтарда Өзбекстанда қысқа тұйықталу салдарынан Сырдария ЖЭС-дегі 6 энергоблок ажыратылып, Өзбекстан мен Қырғызстанның бірқатар қаласы жарықсыз қалды. Бұл апат салдарын ел оңтүстігіндегі Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары да сезінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама