×

Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен танымал экономисті дәмханадан қуып шыққан

Бұл қоғамдық орын тұтынушының ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылда деген өтінішіне қысқа «жоқ» деп қайырған

 Қанат Атаманов 22.07.2022 | 19:30
Фото: ашық дереккөздерден

Белгілі экономист Атамұрат Шәменов Алматыда дәмханалардың біріне бас сұғып, өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін өтінген. Дәмхана қызметкерлері қоғам қайраткерінің сөзін құлаққа ілмей, дәмханадан қуып шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматының Әузов ауданында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы «Спутник» кешеніне қарсы орналасқан «Узбечка» деген дәмхана бар. Кірсең бірден тамаққа тапсырыс беруің керек. Біреуді күтуге рұқсат жоқ. Қазақша сөйлемейтін кафе! Неге қазақша сөйлемейсіңдер десең, «біз сөйлемейміз, керек болса қазақша сөйлейтін жерге барыңыз» дейді. Зал меңгерушісі түрі шығыс келбетіндегі әйел екен, «мен қазақ емеспін, қазақша білуге міндетті емеспін» деп тақ ете қалды, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында экономист.

Бұл қоғамдық орын тұтынушының ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылда деген өтінішіне қысқа «жоқ» деп қайырған.

«Сәлден кейін «сізге қызмет көрсетілмейді» деп мені кафеден шығарып жіберді. Менің түйгенім бұрынғы Елбасының интернационализм саясатының жемісі диаспоралардың мемлекетті менсінбеуіне әкелгені, қазақ халқын басынуы. Алматы қаласының әкімдігі, аудандар Жаңа Қазақстан құруға талпынысы мардымсыз, сондықтан менің сөзімнің шындығын білгісі келетін журналистерге осы кафеге баруларына кеңес беремін. Тіл комитеті, кәсіпкерлікпен айналысатын басқармалар, прокурорлар қайда қарап отыр. SOS!!!», - деп жазды Атамұрат Шәменов.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама