Halyq Uni логотип
×

Бас прокуратура: Қазақстанда ұрлықшылардың 85% – жұмыссыздар

Ұрлықтың ең көбі Алматы қаласында, ең азы Маңғыстау облысында тіркелген

 Ербол Тұрымбет 28.01.2022 | 11:30
Бас прокуратура: Қазақстанда ұрлықшылардың 85% – жұмыссыздар
коллаж: Halyq Uni

Өткен жылдың қорытындысына сай, «ұрлық» бабы бойынша елімізде 57,5 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 5,2 мыңы пәтер ұрлығы болса, 1,8 мыңы қалта сұғанақтығы бойынша екен. Ұялы телефон ұрлау қылмысы бойынша 13,5 мың жағдай тіркелсе, көлік ұрлығында 4 мың, түсті металл тонауда 889 дерек анықталған. EnergyProm Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің осындай мәліметін келтірді.

Өңірлер арасында ұрлықтың ең көбі Алматы қаласында (12 мың жайт) тіркелген. Бұл алдыңғы жылдан 18,2% аз. Елорда (5,4 мың, 2020 жылдан 15,1% өскен) мен Алматы облысы (4,9 мың, 2020 жылдан 13% аз) ұрлық бойынша лидерлер үштігінде, – делінген ақпаратта.

Ұрлықтың ең азы Маңғыстау облысында (856 жағдай) тіркеліпті. Түркістан облысында 1,2 мың дерек анықталғанымен, қылмыстың азаюы жөнінен ең жоғары көрсеткіш (26,4%) осында болып тұр. 

Жоғарыда айтылған 57,5 ұрлық жағдайын 21,6 мың адам жасаған екен. Ұрлықшылардың саны да алдыңғы жылдан 24,8% кем. Олардың ішінде 85,2% (18,4 мың) жұмыссыздар болса, 52-сі жеке кәсіпкер, 20 адам мемлекеттік қызметкер болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама