Құжат 4 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды
Елімізде инфекциялық ауруы бар азаматтарға да бала асырап алуға рұқсат беру жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі осындай бұйрық жобасын әзірлеп қойған.
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесінен адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) алып тастау көзделген, - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 79-бабы 5-тармағына сәйкес, АИТВ инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде бала асырап алуға құқығы бар.
Құжат 4 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.