Halyq Uni логотип
×

Коронавирус: жансақтау бөлімінде жатқан науқастар вакцина алмаған

Қазақстанда күніне 2,5 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырып жатыр

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 15:22
Коронавирус: жансақтау бөлімінде жатқан науқастар вакцина алмаған
Фото: novosti-n.org

Елімізде 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың басым бөлігі вакцина алмаған. Бұл туралы ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйым Біржанова айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, апта сайын жағдайға талдау жүргізіліп отыр.

Ауруханаға жатқызылғандардың арасында вакцина алғандардың үлесі – 36,8%, екпе алмағандар – 62%. Жансақтау бөлімінде 30 адам жатыр. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан (15 науқас), Қызылорда облысы (5 науқас), Жамбыл, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында. Реанимацияда жатқан науқастардың басым бөлігі 50 жастан асқан. Олардың созылмалы аурулары бар. 78%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған, - деді Күләйым Біржанова ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама